Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: «Ораза – ихсан көрінісі»

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 11.04.2023 1657 0 пікір
Қызылорда: «Ораза – ихсан көрінісі»

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен жиынға сектор жетекшісі Ләззат Сыдықова және мешіт жамағаты қатысып, оразаның маңызы мен сауабына, рухани әсеріне тоқталды.

«Жалпы әрбір мүмин Рамазан айында көп қуанышқа кенеледі.Раббысынан сый күтіп, аштық пен сусынға шөлдеуге сабырлық етеді. Нәпсісін  тізгіндеп, жүрегі жұмсарады. Міне, осындай көл-көсір нығметі арқылы рамазан айы басқа айларға қарағанда қадірлі әрі қасиетті» деді Ләззат Ахметқызы берекелі айдың өзге айдан ерекшелігін айқындап.

Шара соңында ұстаз ханымдардың сұрақтарына жауап берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру