Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Рамазанның екінші 10 күнінде 918 отбасыға қайырымдылық жасалды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 11.04.2023 1377 0 пікір
Ақтөбе: Рамазанның екінші 10 күнінде 918 отбасыға қайырымдылық жасалды

Қасиетті Рамазан айының екінші он күндігінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты мешіт имамдары 918 отбасыға қайырымдылық жасап, 43 мешітте 45 000 адамға ауызашар дастарқанын жайды.

Атап айтсақ, Рамазанның кешірім 10 күндігінде «Қолдан-қолға» жобасы бойынша 13 отбасыға қаржылай, «Рамазан тәттісі» жобасы аясында 270 балаға тәттілер салынған қораптар, «Рамазан сыйы» атты 18 балаға сый-сияпат, «Рамазан қоржыны» жобасы негізінде 256 отбасыға 3 тонна 804 кг азық-түлік, 16 отбасыға 100 кг ет берілсе, «Ауызашар қоржыны» жобасында 345 адамға ауызашар себеттері таратылып, 45 000 адамға облысқа қарасты 43 мешітте (мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар т.б), «Ақтөбе»
медресе-колледжі мен Ас-Салам қайырымдылық мекеме» жеке мекемесі және «Нұр-Мүбарак» университеті Ақтөбе қаласындағы дайындық курсында ауызашарлар берілді.

Игі іске демеуші жасаған кәсіпкерлердің кәсібіне Алла Тағала береке нәсіп еткей! Рамазан қайырымдылық акциясы ай бойы жалғасын табады. Игі іске сізде себепші болып, 1 отбасының мұқтажын өтеп, сауапқа кене аласыз.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру