Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы облысы: «Шарапатты рамазан» ауызашары өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 10.04.2023 1851 0 пікір
Алматы облысы: «Шарапатты рамазан» ауызашары өтті

Жомарт жандардың себепкерлігімен Іле ауданына қарасты «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігіндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға Өтеген батыр кентінде «Шарапатты рамазан» ауызашары ұйымдастырылды.

Алпыс адам қатысқан рухани дастарқанда Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы сөз сөйлеп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. «Зекет
қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Қаби Ринат Алматы обысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізіп, мейірім айы жайында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ Іле ауданына танымал тұлғалар қатысып, ізгі дұға-тілектерін айтты.

Арнайы Іле имамдарының атынан 60 жанға «Рамазан сыйлығы» табысталды. Соңында «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Байзакова К. өз ризашылығын білдіріп алғыс хатымен марапаттады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру