Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АЛМАТЫ: «ЖАРАПАЗАН PARTY» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 10.04.2023 1415 0 пікір
АЛМАТЫ: «ЖАРАПАЗАН PARTY» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (ФОТО)

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Жарапазан party» байқауы өз мәресіне жетті.

Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған «Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау ережесіне сай алматылық оннан аса топ пен жекелей орындаушылар мешіт атынан қатысты. Өзара бақ сынасқан жарапазаншыларды көсемсөз бен жыр тарихына жетік әділқазылар алқасы бағалап, жүйрік жүлдегерлерді анықтады.

Орындау шеберлігі мен жарапазан сөзінің мағынасы жоғары деңгейде деп танылған Алматы Орталық мешітінің атынан түскен топ жүлделі І орын 300 000 теңге қаржылай сыйақысын ұтып алды. Ал Түрксіб ауданы «Абдулла» мешітінің атынан сайысқа түскен топ жүлделі ІІ орын 200 000 теңгені қанжығасына байлады. Бостандық ауданы атынан жекелей қатысушы Тәжімұрат Салыбайұлы жүлделі ІІІ орын 100 000 теңге сыйақыны иеленді. Сонымен қатар және үш орындаушыларға ынталандыру мақсатында 30 000 теңгеден қаржылай сыйақы үлестірілді. Барлық жүлдегер қатысушыларға қаланың бас имамы атынан алғыс хаттар ұсынылды. 

«Байқаудың мақсаты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялауына орай «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында ізгі қоғам құруда бұқара халық арасында ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрімізді насихаттап, дәріптеу. Халықты он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен сүйіншілеп, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайта жандандыру болмақ», - деп атап өтті қаланың бас имамы Төлеби Оспан.

Сондай-ақ «Жарапазан-Party» байқауына басты демеушілік жасаған «Miras Qazyna» қоғамдық қорына зор алғысын білдіріп, алдағы игі істеріне береке тілеп бата жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру