Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

muslim.kz 10.04.2023 1549 0 пікір
«АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде  «Адал астың маңызы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Асқарұлы, технолог маман Данияр Сафиев пен қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы, сондай-ақ мешіт жамағаты қатысты.

Шара барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты» деп адал астың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді.

Технолог маман Данияр Сафиев халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, Ерболат Нұрылдаұлы тұшымды сөз сөйлеп, тың ақпараттармен бөліскені үшін «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру