Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Халал Даму» маманы – Қызылжар өңірінде

ҚМДБ «Халал Даму» halaldamu.kz 07.04.2023 1500 0 пікір
«Халал Даму» маманы – Қызылжар өңірінде

ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен жергілікті әйел жамағатына арналған халал тақырыбында оқу-семинары өтті. Семинарға «Халал Даму» технологы Айжан Омарова арнайы қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – от анасы, әйел қауыма дініміздегі халал мәселесі жөнінде ақпарат беріп, білімін жетілдіру. 

«Ас – адамның арқауы» дейді дана халқымыз. Өйткені, ол – бойға қуат сыйлайтын тәннің азығы, Алланың нығметі деп білуіміз керек. Бірақ, көп жағдайда отбасына ас даярлау барысында әйел қауымы азық-түліктің халал-харамдығына мән бермей жатады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Арамнан желініп-ішілген нәрсе қырық күн бойы бойда сақталады»,- дейді. Тағы бір хадисінде: «Адал жеу – сауап, арам жеу – күнә»,- деген. Олай болса, ішер және ұсынар асымыз қалай әрі неден жасалғанына, құрамына, халал сертификаты бар-жоқтығына мән бергеніміз жөн. Себебі, халал ас жеу  – Алланың әміріне бойұсыну», – деген технолог Айжан Омарова халал өнім өндіру технологиясы, тағамдық қоспалардың құрамы мен бөлінісі жөнінде мағлұмат берді. 

Бұдан кейін бас сарапшы Айжан Омарова мен СҚО бойынша жауапты өкіл Мақсат Аманжолов жергілікті кәсіпорындарда тексеріс жүргізді. Сертификатталған «CTR Chicken» фаст-фуд өнімдер желісін, «Bey», «Компот» және «QMDB Halal» сертификатын алуға ниетті ұн өндірісі тексерілді. Тексеріс барысында мейрамханалар мен асханалардың ас мәзірінен бастап, мекеме қызметкерлердің халал стандартқа сай жұмыстарын бақылады.

Қорытынды акт бойынша, мекемелерде стандарт талаптарын сақтамау және бұзушылық болмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Алдағы уақытта қалған кәсіпорындарда айлық тексеріс жалғасады.

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру