Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ПӘТУА БЕРУ МЕН ДІНИ САРАПТАМАҒА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 07.04.2023 1408 0 пікір
ПӘТУА БЕРУ МЕН ДІНИ САРАПТАМАҒА ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде кітаптарды діни сараптамадан өткізу қағидалары жөнінде және пәтуа берудің маңыздылығы туралы  Астана имамдарына арналған семинар өтті.

Біліктілікті арттыруға арналған жиында Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғысөз сөйлеп, жиынның мақсатын атап өтті. Кейін ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі, ғылым докторы Қайырбеков Нұрлан Евфратұлы Ханафи мәзһабының еңбектерімен, «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітапар және ҚМДБ Сараптау комиссиясынан өткен, яғни рұқсат етілген және рұқсат етілмеген кітаптармен таныстырды. 

Сондай-ақ, Астана қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман Тамирлан Дарханұлы пәтуа берудің маңыздылығы туралы айтып, жиынды қорытындылады.

Жиын соңында «MUFTIYAT» баспасынан шыққан кітаптар таныстырылып, қатысушыларға таратылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру