Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Жетісу имамдары – тікелей эфирде

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 04.04.2023 1307 0 пікір
Жетісу имамдары – тікелей эфирде

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында телекөрерменге жолтартар тікелей эфирдегі «Иман нұры» бағдарламасы шымылдығын ашты.

Алғашқы айдардың қонағы Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы болды. Бас имам «Рамазан 2023» деген тақырыпта әңгіме өрбіп, жұртшылықтың көкейінде жүрген тың сұрақтарға жауап берді.

Игі бағдарлама Рамазанның соңына дейін түрлі тақырыпты қамтып, жалғасын табады. «Жетісу» арнасы мен «Жетісу» радиосын өңірдің Жастар ісі секторына жауапты маманы Ерлан Бердібеков жүргізеді. Одан бөлек имам-ұстаздарымыз тікелей эфирде «Таңжарық» бағдарламасының қонағы болып, көрерменнің түрлі сұрағына жауап берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру