Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Тараз: Жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша семинар өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 04.04.2023 1513 0 пікір
Тараз: Жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша семинар өтті

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша жауапты мамандарға арналған семинар ұйымдастырылды.

Маңызды жиынды Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ашты. Шараға аудан, қала имамдары, ДДА-ға мүше 10 маман қатысты. Жат ағымдармен жұмыс жүргізуге жауапты маман Әлімұхаммед Егізбаев жұмыс жоспарын және оның жүргізілу барысын ортаға салып, имамдар бірге талқылау жүргізді.

Түзету мекемесінен бөлек, еркіндікте жүрген жат ағым ұстанушылармен жұмыс жасау, оны жүргізудің әдіс-тәсілдері сөз болды. 

Облыс бас имам өз сөзінде қалаға көп мән беру керектігін, оның ішінде жастардың дін ұстанудағы сенім мәселесіне басымдық беру керектігін жеткізді. Әрі жат ағым топтарының көшбасшыларымен жұмыс жүргізу қажеттілігін тілге тиек етті.

Көпшілік іс барысында орын алған дүниелермен, тәжірибелерімен бөлісті.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру