Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Ауыл имамына көлік сыйлады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 04.04.2023 1471 0 пікір
ШҚО: Ауыл имамына көлік сыйлады

«Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мешітінен Первомайка ауылдық мешітіне автокөлік сыйға берілді.

Бұл туралы Шемонаиха аудандық мешітінің бас имамы Еркінбай Иврагим: «Мешітте көлік болғаны дұрыс. Имам насихат шараларымен көрші ауылдарға бару, халықтың діни рәсімдерін атқаруға көлік өте қажет. Осы жағдайды ескере келе біз «Первомайка» ауылдық мешітіне осындай тарту жасап отырмыз» деп атап өтіп, ауыл имамына автокөліктің кілтін тапсырды. 

Ауыл мешітіне автокөлік сыйлаған аудан имамына Первомайка халқы дән ризашылығын білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру