Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбеде облыстық бата сайысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 03.04.2023 1541 0 пікір
Ақтөбеде облыстық бата сайысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында ақсақалдар арасында облыстық батасы сайысы өтті.

Аталған байқауды облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, игі дәстүрді жалғастырушы ақсақалдарға  сәттілік тіледі.

«Бата» сөзі «фатиха» сөзінен шыққан. «Фатиха» – Құран кәрімнің ең бірінші сүресінің атауы. Құран кітабы «Фатиха» сүресімен басталғандықтан, бұл сүреге «ашушы, беташар» деген мағынаны білдіретін «Фатиха» атауы берілген.

Бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Фатиха» сүресін «Уммул-Китаб», «Уммул-Құран» яғни «Құранның анасы» деп атаған. Ал дана халқымыз осы хадисті мақалдатып: «Бата – Құранның анасы, ердің данасы» деп, батаның «Фатихамен» байланысын меңзеген. Сонымен қатар «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді», - деп айтқан мақалы мағыналы әрі орынды қолданған. Жердің құнарланып, көркеюіне жаңбырдың қаншалықты пайдасы тиетін болса, алып тұлғалы ердің де өсіп-өніп, көркеюіне батаның да соншалықты пайдасы тиетіні шындық» деді Серікжан Еншібайұлы.

Қала, аудандағы өткен бата жарысының жеңімпаздары яғни  он төрт адам қатысқан ақсақалдардың батасын облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы, республикалық бата жарысының жеңімпазы, «Ақ бата – алтын қазына» таңдаулы баталар жинағының Марат Қабижанұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман саралады.

Жарыс қортындысында мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанған Мұғалжар ауданынан келген Наранбай Тахир І орынды иеленіп, республикалық бата жарысына жолдама алды. Ал ІІ орынды Ахмет Аманжол (Алға ауданы), ІІІ орынды Алғазин Жексенбай (Байғанин ауданы) иеленді. Жеңімпаздарды облыстың бас имамы құттықтап, алғыс хат пен «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы және қаржылай сыйлық табыстады.

Одан өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлығы тарту етілді. Айта кетсек, игі шара туралы Серікжан Еншібайұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру