Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШЫМКЕНТТЕ 6000 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 02.04.2023 1660 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ 6000 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Шымкент орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан ел ағалары мен зиялы қауым өкілдеріне арнайы «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарқаны ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре, елге  белгілі ақын Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов сынды елге белгілі азаматтар қатысты.  

Берекелі шараны наиб имам Мұхамеджан Естеміров ашып,  жүргізді. Айтулы шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты. Осыдан кейін, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре дін мен дәстүр және ұрпақ тәрбиесі жөнінде уағыз жүргізді.

Айта кетсек, шаһардағы 45 мешітте өткен ауызашар рәсіміне 6000 адам қатысты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру