Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағандыда «Ақ бата» сайысы өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 27.03.2023 1464 0 пікір
Қарағандыда «Ақ бата» сайысы өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы өкілдігі «Әнет баба» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ақсақалдар арасында «Ақ бата» облыстық іріктеу сайысын өткізді.

Байқауды облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Өңірге қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің атынан жалпы  жиырмаға жуық қария қатысып, бақ сынасты. Байқауға Қарағанды облысының бас имамы, ҚарМУ-нің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұхаммедғали Ілиясұлы, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы, ұстаз Юсуфбек Шұғайұлы және «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы Оралбай Әділбекұлы төрелік етті.  

Жарыс қортындысы бойынша Балқаш қаласынан қатысқан Ғабидолла Мұхтарұлы бас жүлдені иеленіп, Астана қаласында өтетін үлкен байқауға жолдама алды. Сонымен қатар,  Үмбетхан Есболұлы  ІІ орынды иеленсе, кезекті ІІІ орынды  Болат Тәттібекұлы қанжығасына байлады. 

Жеңімпаздарды облыстың бас имамы құттықтап, алғыс хат пен және арнайы қаржылай сертификатпен марапаттады. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру