Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 26.03.2023 1635 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Жастар ісі секторы мен Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елорда мешіттерінің шәкірттері арасында діни тақырыптағы «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысы өтті.

Әр мешіттің бес шәкіртінен жасақталған 14 команда арасында өткен білім сайысына Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Жарбол Болатұлы, Еуразия ұлттық университетінің докторы, тарихшы Мақсатбек Алпысбаев және «Ұлан-ғайыр Дала Елі» ҚБ директоры Валихан Бахретдинов мырзалар қазылық жасап, үздік топты анықтауға тырысты.

ҚМДБ Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғы сөз сөйлеп, бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Исламда білімге ерекше назар аударылатынын айтып, жастарға өз насихатын арнады.

«Құранда білім және білімділердің артықшылығы жөнінде 375 аят келген. Хасан әл-Басри «Бақара» сүресіндегі «Уа, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде жақсылық бер және ақыретте жақсылық бер» деген аятта бұл дүниедегі жақсылық бізге білім және ғибадат, ал ақыреттегі жақсылық жәннатқа кіргіз,- деген мағынадағы дұға дейді. Елдің, діннің болашағы үшін жастардың білімді болуы өте маңызды», - деді ол өз сөзінде.

ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен білім сайысын өзі жүргізіп, ойын ережелері мен бағалау жұмыстарын таныстырып отырды. 1-тур тест форматында өтсе, 2-тур сөзжұмбақтармен жалғасты. Ал 3-турдың сұрақтары фото, аудио, видео түрінде берілді. 4-тур «Тақырып не?» деп аталды. Бұл турда 5 сұрақтың жауабы бір тақырыпқа қатысты. 5-тур логикалық сұрақтарға арналса, 6-турда күрделенген діни сұрақтар берілді. Сондай-ақ, Рамаазан айына орай 7-экстратур қосылып, шәкірттердің білімі тағы бір қырынан сарапқа салынды.

Сайыс нәтижесі бойынша Республикалық Бас мешіт шәкірттері 3-орынды иеленсе, «Әл-Фаттах» мешітінің шәкірттері аздаған басымдықпен 2-орынға жайғасты. «DINTELLECT» зияткерлік білім сайысының бас жүлдесін «Әлжан ана» мешітінің шәкірттері қанжығасына байлады. Жеңімпаз командалардың барлығына қаржылай сыйлықтар беріліп, арнайы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, білім сайысына қатысқан басқа командаларға да ынталандыру сыйлығы берілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру