Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШЫМКЕНТТЕ «ЯССАУИ ДҮНИЕСІ» РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 09.03.2023 1517 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ «ЯССАУИ ДҮНИЕСІ» РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасына сәйкес Шымкент орталық мешітінде «Яссауи дүниесі» түркі кітаптарды оқыту орталығы ашылды.

Аталмыш шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы қатысып, өкілдік жанындағы  имамдардың діни білімін арттыру һәм қайта даярлауға арналған курс жұмысымен танысып, ұстаздар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, аталмыш орталыққа жетекшілік ету жұмысы дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміровке тапсырылды.

Курс барысында Құран, ақида, фиқһ дәрістерімен бірге түркі тілінде жазылған Ханафи Мәзһабына негізделген бабалардың («Ғибадат исламия», «Устаз аууал», «Диуани хикмет», «Сопы Аллаяр») кітаптары тереңдетіліп оқытылады. Курс бағдарламасы 12 күнге  арналған. Тағылымдамадан өткен дін қызметкерлеріне арнайы сертификат табысталады.

Курста Шымкент орталық мешітінің ұстазы, әйгілі «әл-Азһар» университетінің түлектері Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Дәулет Түленов, Ақтөре Тұрапбай және «Астана» медресесінің түлегі Аман Бекжігіт ұстаздарымыз дәріс жүргізеді.

Айта кетсек, Шымкент қаласына бойынша 91 мешіттің 260-тан астам қызметкер аталмыш қысқа мерзімді курсқа қатысып, тағылымдамадан өтеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру