Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақмола: Панасыз қалған отбасын қуантқан күн

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 09.03.2023 1856 0 пікір
Ақмола: Панасыз қалған отбасын қуантқан күн

Осыдан бірер апта бұрын Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Кішкенекөл кентінде тұратын Исиндер отбасы қайғы жамылып, үйлері отқа оранып, панасыз қалған еді. Қақаған қыста үйсіз қалған жанұяны дархан жүрек халқымыз далада қалдырмай, қаржы жинап, қайырымдылық көрсетті.

Жақында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит бастаған имамдар мен қайырымды жандар ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Исиндер отбасына Зеренді ауданындағы Шағалалы ауылынан баспананың кілтін табыс етті. Бұл – елімізде осы жоба аясында беріліп отырған 627-пәтер. 

Қиналғанда бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, үлес қосқан барша қізгі ниетті жандарға Алла тілеулерін берсін дегіміз келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру