Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Мешіт бас имамы жамағатқа алғыс айтты

sunna.kz 08.03.2023 1931 0 пікір
Мешіт бас имамы жамағатқа алғыс айтты

Шуақты көктемнің алғашқы мерекесі «Алғыс айту күніне» орай ізгі шара ұйымдастыру – елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі дәстүрге айналған.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбарак мәтінді хадистерінің бірінде: «Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға шүкір ете алмайды», – деген екен. Ендеше, орайлы сәтте мешіт өмірінде маңызы айрықша жандарға неге алғыс айтпасқа. Мешіт үшін берекенің ұйытқысы, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтауда үлгі болған ақсақалдар институтының, Аналар мектебінің рөлі айрықша.

«Алғыс айту күніне» орай «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имам Руслан Байзақов жас буынға үлгі, өнеге көрсеткен  ақсақалдар мен ақ самайлы аналарға алғыс айтып, мешіт атынан сый-сыяпат табыстады.

Құттықтау сөзінде бас имам Руслан Байзақов алғыс айтудың мән-маңызына тоқталып, мешіттің ыстығына күйіп, суығына тоңып, береке-бірлікке ұмтылған мешіт жамағатына айырықша алғыс айтты.

Сонымен бірге, мешітте ұзақ жылдан бері қызмет жасап келе жатқан наиб имам  Рахметулла Оразға және мешіттің шаруашылық қызметкерлеріне арнайы алғыс білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру