Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: «Нұр» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 08.03.2023 1678 0 пікір
Қызылорда: «Нұр» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов «Нұр» орталық мешітінде қала мешіттерінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық акциясына қатысып, 100 мұқтаж отбасының азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне үлес қосты.

 Айта кетейік, жыл басталғалы Сыр мешіттері қайырымдылық шараларын өткізуден жарысып, «Күшіміз бірлікте» ұранымен тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай көмек, ет, азық-түлік қоржындарын және көше тазалықшыларына ыстық тамақтар таратуды қолға алған болатын.

Сонымен қатар бас имам Болатбек Ұласқанұлы қаланың бас мешітіне жиылған жамағатқа насихат айтып, ел игілігі мен амандығы үшін дұға жасады.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру