Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қонаев: «Деструктивті бағыт – дін емес» семинары өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 02.03.2023 1753 0 пікір
Қонаев: «Деструктивті бағыт – дін емес» семинары өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2023 жылы атқарылатын жұмыстардың бес бағыты бекітіліп, жат діни ағымдардан сақтандыру бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған болатын. Осы орайда ҚМДБ Алматы облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Деструктивті бағыт – дін емес» тақырыбында өңір имамдарына арналған семинар өтті.

Ақпараттық-танымдық мақсатта ұйымдастырылған шарада ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Амангелдіұлы, ҚМДБ Оңалту бағытының маманы Данияр Айтбайұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының бас сарапшысы, РАТТ мүшесі, журналист-теолог Салтан Сәкен, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының бас сарапшысы Нұрсұлтан Әбдісаматұлы, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы сияқты білікті мамандар дәріс оқып, дін қызметкерлерімен білгендерімен бөлісті.

Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы өз баяндамасында халқымыздың салт-дәстүрінің маңыздылығын айта келе: «Адамды жат ағымдардың жетегінде кетуден тосатын бірден-бір дүние – салт-дәстүрімізді берік ұстану», деді.

Бауыржан Амангелдіұлы болса өңірдегі діни ахуалды ескеріп, алдағы уақытта да осы бағытта Дін істері басқармасы тарапынан имамдарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Данияр Айтбайұлы жат ағым өкілдерімен жұмыс жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, дін қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Журналист Салтан Сәкен семинарға қатысушыларды сыни ойлауға көңіл бөлуге, ғаламтор мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін сауатты пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбдісаматұлы араб тілін білудің қажеттілігіне тоқталып, «Усул әл-фиқһ», «Тәпсір», «Хадис» сияқты ілімдерді дұрыс түсінудің маңыздылығын айтты.

Семинарды қорытындылаған облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы имамдарды биылғы жылы да оңалту бағыты бойынша нәтижелі жұмыс жасауға үндеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру