Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АЛМАТЫ: «ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 02.03.2023 1314 0 пікір
АЛМАТЫ: «ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» атты форум өтті.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Гүлмира Ілесбайқызы және қаладағы 54 мешіттегі әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университетінің «Әл-Фараби» залында форум өтті. Жиында қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы алғысөз сөйлеп, асыл дініміз бен ата салтымыздағы әйел мәртебесі жайлы келелі кеңес, өзекті ойлар айтты. 

Форумға арнайы шақырылған спикерлер, PHD докторант, исламтанушы Шәмшәт Әділбаева мен Жадыра Сариева «Қоғам ұйытқысы - қазақ әйелі», «Қазіргі қазақ қоғамындағы діндар әйел» тақырыптарында маңызды ойлармен бөліссе, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті доценті, заңгер, PhD докторы Ережепқызы Роза «Феминизм vs дәстүрлі құндылықтар» жайында тың ақпараттармен бөлісті. Кәсіби психолог Анар Есен «Әйелдің тұлғалық дамуының психологиялық мәселелері» тақырыбына кеңінен тоқталды. Қызықты да тың ақпаратқа толы форум соңы қала мешіттері жанынан ашылған Құран әліппесі курстарында білім алған 350 шәкірттерге ілімін растайтын сертификаттар берумен жалғасты.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру