Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Бас имам – Қазалы ауданында

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 01.03.2023 1802 0 пікір
Қызылорда: Бас имам – Қазалы ауданында

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды.

Алдымен бас имам «Ысырап – қоғам дерті» тақырыбында өткен аудандық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына арнайы қатысты. Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешіті мен Қазалы аудандық қоғамдық кеңесі ұйымдастырған игі шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов, аудандық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме, кәсіпорын басшылары, дін қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында баяндамашылар жаназа рәсіміндегі ысырап, ас беру мәдениеті мен ас мәзірі, ысырапшылықтың үкімі, ысырыпашылықтың алдын алудағы ардагерлердің рөлі секілді өзекті мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, түпкі түбірін шешу жолдарын ұсынды.

Шара соңында халыққа үндеу жарияланып, қазалылықтарды жаназа және жерлеу рәсімдері мен құдайы, астардағы дін мен дәстүрге сай келмейтін рәсімдерді қысқартып, ысырапшылыққа жол берілмеуіне үлес қосуға шақырды.

Бұдан кейін Сыр өңірінің бас имамы аталар мектебін жаңғырту ниетімен ұйымдастырылған  «Аталар – асыл қазына» атты аудандық семинар өтті. Аудан-ауыл мешіттерінің имамдары мен ақсақалдар қатысқан кездесуде бас имам қарилардың исламдағы орны, ұрпақ тәрбиесі мен кемел қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы насихат айтса, аталарымыз бастаманың маңыздылығына тоқталып, салмақты ойларымен бөлісті.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында бастау алған игі жобаның түпкі мақсаты – ақсақалдар арасында «бата беру», «өнегелі өсиет», т.б. сайыстар мен түрлі семинарлар ұйымдастыру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сондай-ақ Болатбек Ұласқанұлы Қазалыдағы жұмыс сапарында «Күшіміз – бірлікте» қайырымдылық акциясына қатысты. Аудандық «Жанқожа батыр» мешітінде өткен шарада облыс бас имамы қазалылықтармен кездесіп, сынаққа сабыр етушілердің дәрежесі жайлы насихат айтты. Аталмыш акция аясында тұрмысы төмен 50 отбасыға азық-түлік қоржындарымен көмек көрсетілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру