Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҮЗДІК ШӘКІРТ ДАЙЫНДАҒАН ҰСТАЗ ҰМРАҒА БАРАДЫ

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 22.02.2023 1498 0 пікір
ҮЗДІК ШӘКІРТ ДАЙЫНДАҒАН ҰСТАЗ ҰМРАҒА БАРАДЫ

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігі, Жаңақорған аудандық мешіті мен «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен Құран кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан, азан шақырудан қос бірдей аудандық жарыс өтті.

Жаңақорған аудандық мешітінде және «әл-Мүмин» мешітінде өткен аталмыш сайыста «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамдары, қари Ислам Қаюпов, Бекқожа Бекмағанбетұлы және қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы, қари Мұқан Абжалелов төрелік етті.

Ауданға қарасты барлық мешіттерден келген алпыстан астам шәкірттердің арасынан топ жарып, әділ қазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқу» номинацциясы бойынша:

Бас жүлде: Ынтымақ Асқар (120 000 тг)

1-орын: Ерасыл Ақжігіт (100 000 тг)

2-орын: Бағлан Спатов (80 000 тг)

3-орын: Дінислам Назымбек (60 000 тг)

 

«Құран кәрімді мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:

1-орын: Мустафаев Тимур (80 000 тг)

2-орын: Айдаш Ердау (60 000 тг)

3-орын: Мұратұла Заңғар (40 000 тг)

 

Азан жарысы:

1-орын: Ибрагимов Санжар (60 000 тг)

2-орын: Серікбай Нұртілеу (40 000 тг)

3-орын: Кенжеахмет Рауан (20 000 тг) үздік деп танылды.

Бұл жолғы жарыстың өзгешелігі – бас жүлде иегерін дайындаған ұстазы да марапат төрінен көрінді. Нақтырақ айтқанда, Аланың кәләмін насихаттап, оны үйретуден таңбай, шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздарды ынталандыру мақсатында Ынтымақ Асқардың ұстазы Жаманбай батыр ауылдық округі, Бесарық елді мекенінің имамы Сәбит Ахметовке кіші қажылыққа жолдама берілді. Сәбит ұстаздың білдей алты шәкірті осы сайыста жүлдегер атанып, ұстаздарының мерейін көкке көтерді.

Айта кетйік, биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт жанашылары демеушілік жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру