Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Құранды жатқа және қазақша мағынасымен оқу сайысы өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 22.02.2023 2133 0 пікір
Құранды жатқа және қазақша мағынасымен оқу сайысы өтті

Алматы облысы Іле ауданына қарасты  Боралдай кентіндегі «Арын қажы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында Құранның «Духа» сүресінен «Нас» сүресі аралығында жатқа және қазақша мағынасымен оқу сайысы өтті.

Аудандық жарыс қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Алдымен Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы «Құран оқудын артықшылығы» жайында қысқаша уағыз айтып, қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі. Жалпы Іле ауданына қарасты 30 ауылдан 67 үміткер шәкірт қатысты.

Қазылар алқасы – Қуаныш Әбішев, Шежімбай Бағылан, Дархан Аманұлы, Хусниддин Буврев үміткер шәкірттерге төрелік етті. Сондай-ақ Қуаныш қари Әбішев үміткерлерге жарыстың тәртіп талаптарын түсіндіріп өтті.

Жүзден жүйрік шығып, бірінші орынды жеңіп алған Талғатұлы Бағдаулет ұмра қажылығына жолдама алды. Екінші  орынға Юсупов Юсуф (200 000 тг) қол жеткізсе, үшінші орынды Ракман Райымбек Санат (100 000 тг) қанағат тұтты. Сонымен бірге Жұмабек Бибарыс пен Исатайұлы Ахмет 20 000 тг ынталандыру сыйлығын алды.

Сайыс соңында келген жамағатқа, қатысушыларға алғыс білдіріліп, мерекелік дастархан жайылды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру