Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ШЫМКЕНТТЕ ИМАМДАРДЫ АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 21.02.2023 3449 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ ИМАМДАРДЫ АТТЕСТАТТАУ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Шымкент қаласының орталық мешітінде бес күнге жоспарланған дін қызметкерлерін аттестаттау жұмысы басталды.

Имамдарды аттестаттау шарасына Бас мүфти кеңесшісі, комиссия жетекшісі Кенжетай Байкемелұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі мен Дін істері және талдау бөлімінің маманы Махамбет Искандеров қатысты.

Мешіт имамдары бес күн бойы шариғат негіздері және ҚМДБ қабылдаған бірнеше концептуалдық құжаттар бойынша сынақ тапсырады.

Алғашқы кезең тестілеу жүйесі бойынша өтті. Тест сұрақтары негізінен ақида, фиһқ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша топтастырылды. Ал екінші кезеңде ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ өтіп жатыр. Бұл кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдері сараланады. 

Айта кетейік, Шымкент қаласында 91 мешіттің 265 дін қызметкері аттестаттаудан өтуде.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру