Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БҚО: Имамдарға арналған семинар өтті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 20.02.2023 1522 0 пікір
БҚО: Имамдарға арналған семинар өтті

Оралда Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Әһли сүннет уал жамағат кімдер?» тақырыбында өңір имамдарының біліктілігін арттыру семинары  өтті.

Семинарға  облыс бойынша 20-дан астам дін қызметкері қатысып, білімін жетілдірді. Облыс бас имамы Самат Әлібаев имамдарға семинар өзектілігін айтып, білімді болуға, дін жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

Облыс бойынша шариғат және пәтуа бөліміне жауапты Әсет Романқұлов, «Қамқор-Шарапат» орталығының өкілі Әзілхан Бисенғалиев, «Халал Даму» жетекші маманы Асхат Асылбеков және «Орал» медресе-колледжінің ұстазы Ерлан Кенжин баяндамаларын оқып, кеңінен түсіндірді.

Семинар барысында имамдар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жетекші мамандардың лекцияларын ұйып тыңдап, жазып алып отырды.

Қатысқан имамдарға сертификаттарды бас имам Самат Қанатқалиұлы өз қолымен табыстады. Жыл басынан бері имамдардың діни білімін жетілдіру семинары алғашқы рет өткізіліп отыр.  Семинар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру