Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Зекет Hub»: Мектеп оқушыларына көмек берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 17.02.2023 1783 0 пікір
«Зекет Hub»: Мектеп оқушыларына көмек берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жуырда ғана жұмысын бастаған «Зекет Hub» орталығында әлеуметтік жағдайы төмен мектеп оқушыларына көмек берілді.

Қасиетті жұма күні мен Миғраж түнінің құрметіне жасалған игі шарада елордадағы №48 мектепте білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен 10 оқушының отбасыларына азық-түлік берілді. Игі шараға қордың жетекші маманы Әли Әзімбекұлы мен №48 мектеп директорының орынбасары Назгүл Темірханқызы қатысты.

Көмек алған мектеп оқушылары қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру