Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ИМАМДАРҒА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 17.02.2023 1854 0 пікір
ИМАМДАРҒА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ислам және ізгі  қоғам: «Адам өмірін қорғау – басты мұратымыз!» атты Астана имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар болып өтті.

Шара басталмас бұрын Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов сөз алып, әлемде болып жатқан апаттық жағдайлар кез келген жерде, кез келген адамның басына төнуі мүмкін екенін ескерте отырып,  кез келген жағдайға дайын болуымыз керектігін айтты.

Семинарда Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Роллан Есмағанбетов, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы, Азаматтық қорғау капитаны Аспандияр Нұрланұлы,  Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының басшысы Аян Алдабергенов, сондай-ақ, «Апаттар медицина» орталығының Астана қаласындағы филиалында шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері Гүлдана Маханова сөз сөйлеп, білім-тәжірибелерін бөлісті. Спикерлер төтенше жағдайлар бола қалған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керек екенін айтып қана қоймай, оқу-жаттығу жұмыстарын көрсетіп, кішігірім мастер-класс өткізді.

Семинарға қатысушыларға әлемде орын алған үлкен жер сілкіністері жайлы, Зілзаланың пайда болу себептері, сондай-ақ, «Зілзала» сүресінің түсіндірмесі айшықталған арнайы  бейнероликтер көрсетілді. Игі шараға ұйытқы болған «Көктал» мешітінің бас имамы Ілияс Отаров қауіпсіздікке қатысты ережелер жинақталған арнайы кітапшалар дайындап,  қатысушыларға ұсынды. Жиын соңында спикерлерге қасиетті Құран кітабы сыйланды.  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру