Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 17.02.2023 1806 0 пікір
АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігіне қарасты мешіт имамдарына 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстыру жиыны өтті.

Жиынға ҚМДБ наиб мүфтиі Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бастаған шаһар мешіттерінің имамдары қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елордада өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкеріне бағдарламалық баяндамасын жолдаған болатын. 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялап, бес бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өтті. 

Жұмыс жоспарын таныстыру жиынының күн тәртібінде биылғы жылға басымдық берілетін бес бағыт:

1. Дін мен дәстүр

2. Ізгі қоғам

3. Ихсан және насихат

4. Діни оқу-ағарту

5. Жат діни ағымдардан сақтандыру бойынша өкілдік бекіткен жоспар негізінде дін қызметкерлерін аталған іс-шараларды жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.  Сонымен қатар қаланың бас имамы Төлеби Оспан мүфтият бекіткен тақырыптар аясындағы медиа-жоспар бойынша мақала, видео-дәрістер дайындау, «Қамқор-Шарапат» және «Уақып» қор жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Ханафи мәзһабына негізделген бабалар кітаптарын оқытуға арналған курстар ашуды, имамдардың біліктілігін арттыруда ақида, фиқһ, хадис, тәпсірден арнайы курстар ұйымдастыру керегін айтты. Өз сөзінде наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мүфтият бекіткен жылдық жоспар негізінде іс-шаралар өткізудің маңызына тоқталды.

«Отбасы – ізгі қоғамның басты тірегі. Барлық аудан мешіттеріне жыл бойы жас отбасыларына арналған семинарлар өткізуді тапсырамын. ІІІ республикалық қыздар арасында Құран байқауын өткізу жоспарға енгізілді. Сонымен бірге айтулы іс-шаралар тізбегінде халықаралық конференциялар өткізу биылғы жылдың еншісінде. Осы орайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, баршамызға ынтымақпен исламға қызмет етуді жазсын» деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан. 

 

  

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру