Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қазақ руханиятына 3 құнды кітап қосылды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 28.11.2022 1850 0 пікір
Қазақ руханиятына 3 құнды кітап қосылды

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Байбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай, шығыстанушы, Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші, арабтанушы Қайрат Сәкидің «Сұлтан Байбарыс», «Ер қаруы – бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Нұр-Мүбарак университеті Ғылым және инновация департаментінің ұйытқы болуымен өткен шараға ғалымдар мен жас ізденушілер қатысты. Алдымен Нұр-Мүбарак университеті Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшәдин Керім автор жайлы жан-жақты түсіндіріп өтті. Алғысөз сөйлеген Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат ел арасында Бейбарыс аталып кеткен батыр бабамыздың Мысыр елі үшін қаншалықты маңызды тұлға екеніне тоқталды.

Проректор, PhD доктор Қайрат Құрманбаев Нұр-Мүбарак университетінің Мысыр мен Қазақстан арасындағы алтын көпірге айналғанын алға тартып: «Өткен жылы Сайлау Батыршаұлының Дешті-Қыпшақ пен мәмлүктер арақатынасын зерттеген еңбегін жарыққа шығарып, кітап тұсаукесерін өткіздік. Бүгінгі шара – соның жалғасы іспетті. Әрі Қайрат Сәки ағамызға университетке келгені үшін алғысымыз зор. Байбарыс сұлтан – тек мемлекет басшысы емес, дін жолында қызмет еткен тұлға. Біз оны әл-Фараби секілді халыққа таныта алдық па деген сауал бар. Алдағы уақытта бабамыздың діни-ағартушылық қырларын халыққа таныстыру қажет. Мысырлықтардың бабамызды мектеп деңгейінде оқытуы бізді де қамшылауы тиіс», – деді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру