Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

СҚО имамдары аттестаттаудан өтті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 01.10.2022 1951 0 пікір
СҚО имамдары аттестаттаудан өтті

Солтүстік Қазақстан облысының имам-молдалары «Қызылжар» орталық мешітінде аттестаттаудан өтті.

Маңызды емтиханға аймақ бойынша 100-ге тарта дін қызметкері қатысты. Аталмыш аттестациялау үш жылда бір рет ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты – имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру.

Айта кетейік, аттестация үш деңгейден тұрды. Емтихан барысында қала, аудан және ауыл имамдары А, В және С санаттары бойынша өз білім деңгейлерін тексерді.

Өңірдің дін қызметкерлері алдымен тестті электронды түрде тапсырса, кейін ақида, фиқҺ және ислам тарихы мен заң бойынша сұрақтарға ауызша жауап берді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру