Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АСТАНАДА ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 27.09.2022 3604 0 пікір
АСТАНАДА ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Астана қалалық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдарына арналған семинар өтті.

Семинар ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттарға арналып, Діни басқарма жұмысының негізгі өзегі болған тарихи құжаттар жайлы кеңінен насихатталды.

Басқосуға Астана қалалық өкілдігіне қарасты 12 мешіттің имамдары мен ұстаздары қатысып, ҚМДБ құжаттарының маңыздылығы мен жекелеген бағыттар бойынша басты ережелер пысықталды. Семинар барысында ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл мен Республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырмин аталған құжаттар жайлы баяндама жасады.

Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіпов бүгінгі семинардың маңыздылығына тоқталып, осы уақытқа дейін Діни басқарма қабылдаған 11 құжат жайында қысқаша шолу жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру