Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ұлытау: Концептуалды құжаттарды түсіндірді

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.09.2022 4526 0 пікір
Ұлытау: Концептуалды құжаттарды түсіндірді

Ұлытау облыстық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде өңір имамдарының алқалы жиналысы өтті.

Жиында Ұлытау облысының бас имамы Елдос Жұмаділда қазан айында дін қызметкерлерінің аттестациядан өтетінін хабарлап, ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттарды егжей-тежейлі толығымен таныстырды.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен әр жылдары ұйымдастырылған Имамдар форумында қазіргі уақытқа дейін 10 құжат қабылданған болатын. Олар: «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Жеті рухани қазық», «Діни рәсімдер тізілімі», «Діни лауазымдар тізілімі», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» және «Зияткер имам» тұжырымдамасы.

Сондай-ақ Елдос Қуандықұлы имамдарға аталмыш құжаттарды түсініп, күнделікті уағыздар мен кездесулерде пайдалануды,  жан-жақты насихаттауды тапсырды.

Жиын соңында облыс бас имамы 7 бағыт бойынша нақты тапсырмалар беріп, имамдардың алдағы уақыттағы ел игілігі мен дін игілігі жолындағы жұмыстарына береке тіледі.  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру