Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Мұсылман әйелдің шариғи киім үлгісі

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 22.09.2022 2161 0 пікір
Маңғыстау: Мұсылман әйелдің шариғи киім үлгісі

ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігі мен Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Шариғи киім үлгісі» атты сән байқауы өтті.

Сән байқауын ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Нағима Мырзақұлқызы ашып, қатысушы дизайнерлерге сәттілік тіледі. Іс-шараны Шынар Маратқызы жүргізіп, Нағима Мырзақұлқызы, «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы Жансая Қалбекқызы, стилист Жазира Жолдасбайқызы қазылық жасады.

Байқауға қатысқан киім үлгілері ең алдымен шариғат талаптарына сай болуы, содан кейін ғана заманауи қырынан бағаланды. Әділқазылардың шешімімен І орынды «1001 nights brand» атауымен дизайнер Сарвиноз Фазылованың сәндік киімдер топтамасы иеленсе, ІІ орынға «Ihanym» атауымен стилист Әлия Күлбаева дайындаған киім үлгілері топтамасы, ІІІ орынға «Guldanahidjab» тақырыбындағы дизайнер Гүлдана Арызғұлованың сәнді киімдер топтамасы ие болды. Жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сертификаттар, өзге қатысушыларға бағалы заттар табыс етілді.

Бұдан бөлек облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстаздары Әмина Исақызы және Айнұр Өмірзаққызы жамағатқа «Дін және дәстүр» тақырыбы аясында сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген қыз-келіншектерге сыйлықтар берілді. Іс-шараға сәнді кимешек киіп келген апаларымызға Жазира Жолдасбайқызы құрмет көрсетіп, арнайы сый сияпат жасады.

Шара соңында ұстаз Жансая Қалбекқызы «Орамал тағу, әурет жерін жабу – мұсылман әйелге парыз» тақырыбында насихат айтып, әсерлі уағызымен жиналған қауымды ұйытты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру