Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: «Имандылық әліппесі» жарық көрді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 01.07.2022 2125 0 пікір
Шымкент: «Имандылық әліппесі» жарық көрді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қалалық өкілдігінде  діни һәм рухани сауат ашу курстарына әдістемелік құрал ретінде арналған «Имандылық әліппесі» атты еңбектің танытымы ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, қалалық дін істері басқармасының бөлім басшысы Бақыт Әлиакбарұлы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Мәди Әбзелбекұлы және өзге де ұстаздар, дін қызметкерлері қатысып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Мұхамеджан Естеміровтың қаламынан туындаған еңбек ҚМДБ Сараптау комиссиясының тексеруінен өтіп, оң қорытынды берілген. Сондай-ақ кітапқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен дінтанушы-ұстаз Омар қари Сәлімбеков пікір жазған.

Айта кетсек, аталмыш еңбекте дін мен дәстүр, сенім-ақида, тәлім-тәрбие т.б. қажетті асыл құндылықтар енгізілген. Кітап мешіт жанындағы діни һәм рухани сауат ашу курстарында тәлім алушыларға тегін үлестірілуде.  

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру