Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ХАЛАЛ ДАМУ» ДИРЕКТОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ СҰХБАТ БЕРДІ

halaldamu.kz 17.06.2022 2816 0 пікір
«ХАЛАЛ ДАМУ» ДИРЕКТОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ СҰХБАТ БЕРДІ

ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Шымкент қаласына іс сапары барысында жергілікті ақпарат құралдарына арнайы сұхбат берді.

«Ontustik» телеарнасының  «Таң нұры» және «Ontustik» радиосының «Имандылық иірімдері» бағдарламаларында қонақта болған Айбек Асқарбекұлы:

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал Даму» ұйымының халал индустриясы саласында қызмет еткеніне 8 жылдан асты. Халал – бизнес немесе ақша табу алаңы емес. Бұл – шариғатымызда бекітілген, қасиетті Құран Кәрімде айтылған, Алланың талабы. Еліміздегі күллі мұсылманның қара шаңырағы Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету.

Осы жолда әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылды. Еңбегіміз халық көңілінен шығып, ізгі бастаманың жаршысы болды. Әлі де даму үстіндеміз, дамуымызды тоқтатпаймыз. Шымкент қаласына ресми іссапар барысында жергілікті қасапханалардың Парсы шығанағы елдеріне ет экспорттау мәселелерін жүйелеп, сертификаттау шараларын жүргізудеміз. Бұл дегеніміз – «QMDB Halal» таңбасымен шығарылатын отандық өнімдердің халықаралық сауда нарығында кең сұранысқа ие екендігінің көрінісі» деді.

Сондай-ақ ол отандық халал индустриясының хал-ахуалы төңірегіндегі мәселелер мен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен бағыт-бағдарына тоқталып, көкейкесті сұрақтарға жауап берді.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру