Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

28 March 2024

18 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

halaldamu.kz 07.06.2022 2212 0 пікір
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ұйымдастырған «Әріптестік тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуші фактор» тақырыбындағы V халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

Халықаралық тағам қауіпсіздігі күніне орай, «Дұрыс тамақтану және тағам қауіпсіздігі» жобасы аясында өткізілген жиын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (ИОПБ) директоры Исмаил Абдель Хамид пен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполовтың алғысөзімен ашылды. Жиынға Мысыр, Түркия, Оман, Тәжікстан, Тунис, Иордания т.б елдердің ғалымдары мен отандық ғалымдар қатысты.

Жиында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Адал ас – жанның азығы, тәннің шипасы» тақырыбында баяндама жасап, «Халал Дамудың» жұмыстары мен жетістіктері, бағыт-бағдарын таныстырды. 2021 жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өткен «Halal EXPO» көрмесіне қызығушылық танытқан жиын қатысушылары, 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланған «Halal Sammit»  халықаралық форумына қатысуға мүдделі екенін білдірді. Сонымен қатар қатысушылар отандық халал индустриясының қарқынды даму тенденциясын жоғары бағалап,  бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үлесі зор екенін жеткізді.

Жиын соңында, Қазақ аграрлық зерттеу университетінің кітапхана қорына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген «Халал – шариғат талабы» кітабы тарту етілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру