Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІН 400 ТҮЛЕК БІТІРДІ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 07.06.2022 2509 0 пікір
НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІН 400 ТҮЛЕК БІТІРДІ (ФОТО)

Еліміздің дін саласының мамандары жаңадан 400-ге жуық жоғары білімді исламтанушы, дінтанушы, теологтармен толықты. Нұр-Мүбарак университетінде бакалавриат бағдарламасымен білім алған студенттерге салтанатты түрде диплом мен арнайы марапаттар табысталды.

Қазақстан мен Мысыр елдерінің әнұранымен басталған қуанышты жиында беташар сөз сөйлеген ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат Қазақстандағы ректорлық қызметі басталған сәтте студент атанған биылғы түлектердің өзіне ыстық екенін айтып, ағынан жарылды: «Төрт жылдық оқу –білімнің кілті ғана, білім жолы енді басталады. Әр сәттеріңізді жоспарлап, өздеріңді үздіксіз дамытыңдар», – деп әлемге мейірімділікті сүйіншілеп, кәсіби өмірге басқан алғашқы қадамына сәттілік тіледі.

Ал проректор, доцент Қайрат Құрманбаев: «Руханият – мемлекет дамуының үлкен тірегі, ал сіздер руханият өзегі болған дін ілімін үйрендіңіздер. XXI ғасыр талабы өте жоғары болғандықтан, жаһандану талаптарына, бәсекесіне жауап бере алу қажет», – деп жас түлектерге сенім білдіріп, жүрекжарды құттықтауын арнады. Мерекеде «Талас» ансамблі «Көңілашар» күйімен шашу шашып, танымал өнерпаз Сержан Әлі түлектерді әнмен құттықтап, бизнес-кеңесші Жеңіс Есенкелдин жастарға өз ісінің майталманы болуға қысқа-нұсқа насихат айтып өтті.

Марапаттау рәсімі бакалавриат бағдарламасын қызыл дипломмен тәмамдаған 44 түлекке «Үздік студент» мадақтамасын табыстаумен басталды. 4 жыл бойы тек білім алуда ғана емес, белсенділігімін танылған 24 түлекке арнайы алғысхат беріліп, екінші жоғарғы білім алған 25 түлек, «Исламтану», «Дінтану» мамандықтарымен қоса «Психология» minor (майнор) бойынша бағдарламаны толық тәмамдаған 27 студентке арнайы сертификат табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру