Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

17 April 2024

8 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖАУАПТЫ ӨКІЛДЕР ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.06.2022 10031 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖАУАПТЫ ӨКІЛДЕР ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ (ФОТО)

Шымкент қаласында қажылыққа жауапты өкілдердің кеңейтілген семинары өтті. Семинарға ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, «Tawaf Travel» қажылық компаниясының директоры Бектемір Искаков, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов және еліміздің әр өңірінен қажылыққа жауапты өкілдер қатысты.

Жиын қасиетті Құран оқумен басталды. Одан ары ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов арнайы баяндама жасап, қажылыққа қатысты түйткілді мәселелерді түсіндіріп, өңірдегі жетекшілерге нақты тапсырмалар берді.

«Қажылық пен ұмра – имандылыққа, ізгілікке, көркем мінез, мейірімділік пен қайырымдылыққа үндейді. Оны қоғамға тигізер рухани пайдасы ұшан теңіз. Ал «Tawaf Travel» қажылық компаниясы – елімізде қажылық мәдениетін қалыптастыру, қажылық пен ұмраның ең әуелі құлшылық екенін, оның үкімдері мен талаптарының дұрыс орындалуы үшін ұлы сапарға білікті имам, ұстаздарды жетекші ретінде жіберіп, дұрыс құлшылық үлгісін насихаттау мақсатында жұмыс жасап жатқан ҚМДБ-ның қажылық компаниясы. Сондай-ақ әлемдік озық тәжірибеге сәйкес, қажылыққа дейін сапалы құлшылық жасау үшін әрбір өңірде қажылық оқыту орталықтарын ашып, арнайы курстар ұйымдастыру қажет» деді Жәнділлә Бекжігітов.

Сондай-ақ «Tawaf Travel» қажылық компаниясының директоры Бектемір Искаков арнайы дәріс оқыды. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala Travel» фирмасын іске қосты. Негізгі мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету болып саналады. «Darhan Dala Travel» бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, шетелдегі және еліміздегі киелі орындарға зиярат, денсаулық, экотуризм бағыты бойынша арнайы сапар ұйымдастырады» деді Бектемір Искаков.

Басқосу аясында «Tawaf Travel» қажылық компаниясы мен «Darhan Dala Travel» туристік фирмасының өңірлердегі жауапты өкілдеріне арнайы куәлік табысталды. Қаланың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы ұлы сапар алдында жауапты өкілдерінің басқосу жиынын Шымкент қаласында ұйымдастырған ҚМДБ қызметкерлеріне алғыс айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру