Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтөбе: Балалар мәз-мейрам болды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 02.06.2022 2094 0 пікір
Ақтөбе: Балалар мәз-мейрам болды

Ақтөбе облысына қарасты қала және аудан мешіттерінің ауласында мешіт имамдары бүлдіршіндер мен оқушыларға жан-жақты қызмет жасап, көтеріңкі көңіл сыйлады.

Атап айтар болсақ, Ақтөбе қаласындағы Қабақ баба, Бақытжан мешіттері және Қобда, Хромтау, Ырғыз, Мұғалжар аудандық, Айшуақ ауылдық мешіттерінің діни қызметкерлері балалар мен биылғы оқу жылында сыныптан сыныпқа көшіп жатқан мектеп оқушыларына 2000-ға жуық балмұздақ, сонымен тәттілер мен сусындар үлестіріліп, ойын-сауық ұйымдастырды.

Айта кетейік, Ислам дінінде балалар мен оларға жасалатын мәміле ерекше мәнге ие. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де балаларды қуантып, оларға дұрыс тәрбие беру үшін көрсетілген бағыт-бағдарлы оқиғалар мен сөздер көп.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру