Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Сыр имамдары қамқоршысы жоқ балаларды қуантты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 01.06.2022 2012 0 пікір
Сыр имамдары қамқоршысы жоқ балаларды қуантты

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік кеш өтті.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында этноауылда өткен шарада облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала имамдары балаларды мейраммен құттықтап, қуанышқа бөледі.

Берекелі кеш ақ дастарқан басындағы өнегелі насихатпен басталып, өлеңдер оқумен өрбіді, күмбірлеген күй-термелер де төгілді. Осыдан кейін жас жеткіншіктер садақ атудан бақ сынап, атпен серуендеді. Жиын соңында 3 жас түлекке сый-сияпат тарту етілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру