Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Маңғыстау: Балдырғандар өнерін ортаға салды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 01.06.2022 2781 0 пікір
Маңғыстау: Балдырғандар өнерін ортаға салды

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала тілі – бал» атты облыстық іс-шара өтті.

Өңірдің барлық аудан-қалаларынан 6 жасқа дейінгі 18 бала қатысып, өнерін ортаға салды. Балдырғандар қасиетті Құранның қысқа сүрелерін жатқа оқып, пайғамбарлардың өмірі мен Ислам тарихынан сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ мақал-мәтелдер айтып, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 

«Бала – біздің болашағымыз. Жас өскінді иманды да ибалы, білімді де еңбекқор етіп өсіру, тәрбиелеу – баршаның ізгі мұраты. Мешітімізде асыл дініміздің керемет аяттарын бойына сіңіріп, жүрегіне құйып өсіп келе жатқан жас шәкірттеріміз жеткілікті. Шәкірттердің осындай байқаулар мен шараларға белсене қатысқаны көңілге зор үміт ұялатады» деді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қ.Абдалиев.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру