Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

16 April 2024

7 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІР АЙЛЫҚ КУРС БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 01.06.2022 2018 0 пікір
ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІР АЙЛЫҚ КУРС БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінде еліміздің түкпір-түкпірінен діни салаға тікелей қатысы бар 73 маман, яғни теологтар, исламтанушылар, имамдар, дінтанушылар бас қосты.

Олар бүгіннен бастап «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» курсында бір ай бойы білімін жетілдірмек. Бұл курс Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті мен Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өтуде.

Курстың салтанатты ашылуында ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат кіріспе сөз сөйлеп, діндегі Отанға қызмет пен орта жолды ұстанудың маңызына тоқталып, барлығына сәттілік тіледі. Ал университеттің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы дәрістердің өту барысын таныстырды.

Бүгінгі қоғам мен уақыт талап еткен мәселелерді қамтитын 16 пән, 140 академиялық сағатқа негізделген курсқа еліміздің барлық аймағынан діни салаға тікелей қатысы бар мамандар қамтылған. Курс академиялық тәсілімен және дерадикализация әдістерінің академиялық мәселелерін, мақсатты топтармен (радикалдармен) атаулы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және деструктивті діни ағымдарға ерушілермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қамтитын өзекті бағдарламасымен ерекше.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру