Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Имамдар діни курс тәмамдады

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 01.06.2022 1844 0 пікір
Шымкент: Имамдар діни курс тәмамдады

Шымкент орталық мешіті жанындағы имамдардың діни білімін арттыру және қайта даярлауға арналған «Азан және қирағат» рухани орталығының кезекті курсы тәмамдалды.

Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов іс-шараға арнайы қатысып мамыр айындағы курсын бітірген имамдарға сертификат табыс етті. Бас имам өз сөзінде діни білім мен біліктілікті көтеру заман талабы екендігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Курс бағдарламасы 12 күнге арналды. Курс барысында Құран, ақида, фиқһ, азан және қирағат пәндері тереңдетіп оқытылды. Шымкент орталық мешітінің ұстазы, әл-Азһар университетінің түлектері Нұрсұлтан Мамедалиев, Дәулет Түленов және Түркиядағы «Хасеки» Ислам оқу ордасының түлегі Омар Сәлімбеков дәріс жүргізді.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы 89 мешіттің 260-тан астам қызметкерлері қысқа мерзімді курсқа қатысып, тағылымдамадан өтеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру