Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

24 April 2024

15 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Өскемен: Әйелдердің біліктілігін көтеру маңызды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 01.06.2022 1656 0 пікір
Өскемен: Әйелдердің біліктілігін көтеру маңызды

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде әйелдер мен қыздарға арналған оқыту курсы басталды.

Курс ҚМДБ-ның білім беруді дамыту тұжырымдамасы негізінде жүзеге асуда. Дәріске шәкірт әйелдер мен қыздар қатысып, Құраннан, ақидадан сабақ алуда. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Өскемен аймағындағы жетекшісі Айдана Төлеген: «Өңірдегі білікті әйел ұстаздар санын арттыру және олардың біліктілігін көтеру бағытында бірқатар іс-шаралар атқарып келеміз. Әйел ұстаздар жетіспейтін аудан мешіттерінің мәселесін әйелдерді оқыту арқылы шешуді қарастырудамыз» дей келе, игі істің маңызына тоқталды. Сонымен қатар ол Исламдағы әйел мәртебесі, білім алу туралы тағылымды пікір айтты.

Оқыту курсына қатысатын әйел шәкірттер интернет, кітапхана, оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, оларға барынша жағдай жасалған. Айта кетейік, әйелдерге діни білім беру курсы өкілдік тарапынан жыл жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру