Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

20 April 2024

11 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ҚАСІРЕТ» МЕМОРИАЛЫНДА ҚҰРБАНДАРҒА ҚҰРАН ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 31.05.2022 1895 0 пікір
«ҚАСІРЕТ» МЕМОРИАЛЫНДА ҚҰРБАНДАРҒА ҚҰРАН ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

Қаралы жиында тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтарға құрмет көрсетіліп, бір минуттық үнсіздікпен басталды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен зиялы қауым өкілдері «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті. Бабалар кешкен қайғылы сәттер театрландырылған көріністер арқылы көрсетіліп, сахналандырылған қойылым қойылды. Жиналғандар бабалар рухына құран бағыштап, өткен күнге салауат айтты.

Мұндай шара Шымкент қаласына қарасты 88 мешітте жалғасып тауып, бесін намазы кезінде жамағат алдында арнайы Құран бағышталып, дұға етілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру