Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Семей: Тасаттық намазын оқып, құрбан шалды

alashdin.kz 31.05.2022 2560 0 пікір
Семей: Тасаттық намазын оқып, құрбан шалды

Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлы қаланың жамағаты және мешіт ақсақалдарымен бірге тасаттық намазын оқыды.

Бас имам жиылған жамағатқа тасаттық беру, күнәларға тәубе етіп, кешірім сұрау Алланың рақымына жол ашатын ең ұлы амал екенін атап өтті. Одан кейін жамағатпен бірге екі бас намаз оқылып, Алладан жаңбыр тілеп, дұға жасалды. Алла разылығы үшін құрбандық шалынып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін бата жасалды.

Айта кетейік, бір жерге жаңбыр жаумай, қуаңшылық болған кезде жауын дұғасы жасалады. Кейбір елде халық Раббыларына көңіл бөлмей, зор күнәға батқандықтан, Алла сол елді сынау үшін, кей кезде ол жерлерді қуаңшылыққа айналдырады. Құранда Нұх, Мұса (оларға Алланың сәлемі болсын) секілді пайғамбарлардың халқы үшін жауын сұрап, дұға еткендері жайлы баяндалады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру