Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«ҚҰРАНЫМ – МӘҢГІ ҚОРҒАНЫМ» РУХАНИ ҚҰРАН КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

ummet.kz 31.05.2022 2143 0 пікір
«ҚҰРАНЫМ – МӘҢГІ ҚОРҒАНЫМ» РУХАНИ ҚҰРАН КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Құраным – мәңгі қорғаным» атты мерекелік рухани Құран кеші өтті.

Шараның мақсаты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің діни сауат ашу сабақтарына алғаш аяқ басып, Алла Тағаланың мейірімінен үміт етіп, Құран Кәрімді оқып үйренсем, діни білімімді арттырсам деген ниетпен келген шәкірттерге қолдау көрсету болатын. Шара барысында мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызының атсалысуымен Құранды мүдірмей оқитын дәрежеге жеткен шәкірттерге лайықты құрмет көрсетіліп, марапатталды.

Шәкірттеріміздің құрметіне ақ дастарқан жайып игі жақсылардың басын қосып, үлкендер бата беріп мешіт тарапынан дайындаған сый-сияпат тарту етілді. Мешіттің наиб имамы Мамлюк Мусаев ізгі шараны ашып беріп, Құран оқудың дініміздегі мағызы мен сауабы жайлы мағыналы насихат айтты.

Құран кешінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Құранға түскен «Фирдаус» оқу тобының шәкірттеріне арнайы әзірленген тәж кигізіліп, Құранға түскенін растайтын сертификат табыстады. Кеш барысында әсем ән де, мағыналы уағыз да айтылды, ой саларлық көріністер де қойылды. Кеш соңында шәкірттер мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызына алғыс білдіріп, сый-сияпат жасады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру