Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Павлодар: Тасаттық намазы оқылды

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 31.05.2022 2079 0 пікір
Павлодар: Тасаттық намазы оқылды

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыруымен қала шетінде құрбандық шалынып, екі бас намаз оқылып, жаңбыр тілеп, дұға жасалды.

Сондай-ақ осы рәсім өңіріміздің біршама мешітінде жасалып, құрбандық шалынып, оған мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары, имам-молдалар атсалысты. Құрбандық еттері мұқтаж жандарға, дін жолында оқып жатқан шәкірттерге таратылды. Шариғат талаптарына сай Алла Тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. Нәтижесін елдімекендердегі халық сол мезетте ақ сезінді.

Айта кетейік, халқымыздың әдет-ғұрпында Ислам дінінен бастау алған құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бар. Ол әсіресе жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Мұны барша халық біледі әрі жан-жақты түсінеді. Ендеше, мұсылман бауырлардың тілегі қабыл болып, биыл егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын! Диқандардың еңбегі жанып, ырыс-берекесі арта берсін!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру