Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: «QAMQOR-SHARAPAT» жұмысына серпін берген жиын

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 31.05.2022 1841 0 пікір
Ақтөбе: «QAMQOR-SHARAPAT» жұмысына серпін берген жиын

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облысқа қарасты аудан және қала имамдарына арналған семинар өткізілді.

Жиын барысында облыстың бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы имамдарға ҚМДБ жанынан құрылған «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысын республика көлемінде насихаттау мақсатында жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру бағытында нақты тапсырмаларды бекітті.

Сондай-ақ Ақтөбе қаланың әкімдігі тарапынан бөлінген қаладағы 7 гектар жер теліміне ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» орталығы дайындаған шарттар мен құрылыс кескіндері бойынша шариғатқа сай қабірстан салуды қолға алуды бекітілген мамандарға тапсырды. Осы жоспар бойынша аудан көлемінде де жасалу керектігін бас имамдарға тапсырды.

Сонымен қатар марқұмның жаны шыққаннан денесі көмілгенге дейін және садақа, құдайы ас секілді рәсімдерді өткізу үшін тек мешіттен бекітілген арнайы имам-молдалардың болуы шарт екенін халық арасында насихаттауды ескертті. Сауапты да жауапты аталмыш істерді кең ауқымда насихатталуын садақа-астарда, кездесулерде айтып, барынша зиялылар мен жергілікті ақсақалдарды осы жұмысқа жұмылдыру керек екенін имамдарға жүктеді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру