Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Көкшетауда діни оқу орталығының іргетасы қаланды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.05.2022 1283 0 пікір
Көкшетауда діни оқу орталығының іргетасы қаланды

Көкшетау қаласындағы бір ғасырлық тарихы бар Жақия қажы мешіті жанынан діни оқу орталығының іргетасы қаланды.

Іс-шараға өңірдің ақсақалдары мен дін қызметкерлері қатысты. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы өз сөзінде асыл дініміздің арқауы білім екенін айта кете, жас ұрпақ санасына иман сәулесін шашып, ізгілікке тәрбиелеу аса ғибраты мол іс екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Жақия қажы мешітінде ұзақ жыл бас есепші болып қызмет еткен, бүгінде тоқсан жастың тұғырына көтерілген абзал ақсақал Қайролла Жүнісов бата беріп, ақ тілегін арнады. Осылайша демеушілердің қолдауының арқасында Көкшетауда тағы бір оқу орталығы салынады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру